Whiteboard тақтасын, слайдты немесе құжатты жылдам суретке түсіріңіз. OneNote бағдарламасы оны оңайырақ оқу үшін кесіп, жақсартады. Сондай-ақ, терілген мәтінді танимыз, сондықтан оны да іздеуге болады.
Диаграмманы қаламмен жиегінен бастап салыңыз. Егер тергеннен гөрі әлдеқайда ыңғайлы деп санасаңыз, барлық жазбаларыңызды қолмен жазыңыз.
Баяндаманың маңызды бөліктерінің әрбір сөзін жазбаңыз. OneNote бағдарламасы жазбаларыңызды дыбысқа байланыстарыды, сондықтан әрбір жазбаны қабылдаған кезде айтылған сөзге тікелей өтуге болады.
OneNote мәтіндерді, тапсырмалар тізімдерін және кестелерді жылдам және икемді ету үшін жасалған. Орналасулар туралы ойламаңыз, беттегі кез келген қажетті жерге теріңіз.
Егер олардың электрондық поштасы болса, олармен ортақ пайдалануға болады. Жұмысты бастау өте оңай және жылдам.
Егер сіз бір бөлмеде немесе корпуста болсаңыз, шынайы уақытта бірге жұмыс істеңіз. Белгішелер әрбір пайдаланушының әрекеті туралы көрсетеді.
Класта, бөлмеде, компьютерлік зертханада немесе кафеде кез келген жерде және кез келген құрылғыда бірге жұмыс істеуге болады. OneNote бағдарламасы осының барлығын бірге сақтау үшін, тіпті қандай да бір пайдаланушы офлайн күйге кетсе де автоматты түрде синхрондайды.
Веб зерттеулері көпшілік жобаларға қажетті. Бір рет басу арқылы кез келген браузерде, кез келген веб-бетті суретке түсіріңіз. OneNote бағдарламасындағы бетті белгілеңіз.
Баяндау слайдтары мен беттерін жазбаларыңызбен сақтаңыз. Теру немесе стилустың көмегімен жазу арқылы үстіңгі жағына немесе қасына жазбаларды жасаңыз.
Фотосуреттердің немесе басып шығарылатын беттердің үстіне жазыңыз. Идеяларыңызды түсіну үшін жазбалар ретінде ұйымдастырыңыз. Жақтау араларына пікір жазыңыз.
Тіркеуші ме, жинаушы ма? OneNote бағдарламасы екеуін де пайдаланады. жазу кітаптарын және бөлімдерді жасау арқылы жазбаларыңыз бен жобаларыңызды ұйымдастырып сақтаңыз. Терген, кескен немесме қолмен жазған қандай да бір мәтінді оңай табыңыз.